Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян енді менің жақсы достарым – Трамп

Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян енді менің жақсы достарым – Трамп

Ол екі елдің келісімге келгеніне куә болғанын мақтан етеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен бірге түскен суреттерін жариялап, жазба қалдырды, деп хабарлайды Kznews.kz

«Мен үшін Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге ондаған жылдар бойғы соғыс пен даудан кейін бейбіт келісімге қол қою – үлкен мәртебе болды. Екеуі де керемет адам және ұлы көшбасшылар. Енді олар менің жақсы достарым», – деп жазды Трамп.

Еске сала кетейік, 8 тамызда АҚШ астанасы Вашингтонда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян қақтығысты реттеу туралы декларацияға қол қойды. Келісім рәсіміне АҚШ Президенті Дональд Трамп қатысқан еді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.