«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ханзада Салманның Хашогги өліміне еш қатысы жоқ

ханзада Салманның Хашогги өліміне еш қатысы жоқ

Сауд Арабиясы АҚШ Сенатының ханзада Салман журналист Жамал Хашоггидің өліміне тікелей қатысы бар деген тұжырымын жоққа шығарып отыр.

Сауд Арабиясы СІМ-нің хабарлауынша, ханзада тілшінің өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасап, тілшімен ешқандай байланысы болмағанын айтқан. Мәлімдемеде АҚШ Сенатының резолюциясы негізсіз және Эр-Рияд Уашингтонмен экономикалық маңызды келісімдер жасап, дипломатиялық байланыс орнатуға мүдделі делінген.

14 желтоқсанда АҚШ Сенаты журналист Жамал Хашоггидің өліміне байланысты Йемендегі қақтығыста Сауд Арабиясына әскери көмекті тоқтату туралы шешімге келді. Заң шығарушылар қабылдаған қарарда кісі өлтіргені үшін басты кінәлі ретінде Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман танылды. Тағы бір құжат америкалық әскерлерді Йеменнен шығаруға бағытталған. Аталған резолюцияға 56 сенатор қолдап дауыс берсе, 41-і қарсы болды. Қарарда Йемен қақтығысы бойынша енді АҚШ-тың барлық әскери күштерін елге қайтару талқыға салынды. Құжат авторларының айтуынша, Хашогги ісіне қатысты қатаң шаралар орындалуы тиіс.

"The Qazaq Times"

Автор
Мадияр