"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Ханституция": Садыр Жапаров Назарбаевтың жолымен жүретін Конституцияға қол қойды

"Ханституция": Садыр Жапаров Назарбаевтың жолымен жүретін Конституцияға қол қойды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров биылғы 11 сәуірде референдумда қабылданған республиканың жаңа конституциясына қол қойды.

Қол қою рәсіміне Жогорку кеңеш депутаттары, судья корпусының өкілдері, үкімет мүшелері және қоғам қайраткерлері қатысты. Шара басында ОСК төрағасы Нуржан Шайылдабеков 11 сәуірде өткен референдумның қорытындысына тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, 3 млн 606 мың сайлаушының 1 млн 322 мыңы немесе 36,6 пайызы референдумға қатысқан. 1 млн 48 мың адам немесе 79,32% жаңа Конституцияны қолдап, дауыс берген.

Еуропа кеңесінің Венеция комиссиясы және ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (БДИПЧ/ЕҚЫҰ) Конституцияның жаңа жобасына байланысты ортақ мәлімдеме жасаған.

Мәлімдеме авторларының пікірінше, құжатта тиімді бақылау, билік тепе-теңдігін сақтау механизмі жоқ, бұл биліктің бір адамның қолында шоғырлануына апаруы мүмкін. Сарапшылар сонымен бірге негізгі заңның кейбір тұстары демократия мен заң үстемдігі үшін маңызды болып саналатын билік тармақтарында баланстың сақталуы және жеке бостандықты қорғауға қауіп төндіретінін ескерткен.

Автор
Еркебұлан