Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Халық толқыса Тоқаев әскер күшімен басады: "Мұндай жағдайда мемлекеттің жалғыз кепілі - Қарулы Күштер"

Халық толқыса Тоқаев әскер күшімен басады: "Мұндай жағдайда мемлекеттің жалғыз кепілі - Қарулы Күштер"

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылығын жаһандық масштабта да, жекелеген аймақтарда да күрт өзгеріп жатқан әлемдегі ахуалды жіті бақылап отыруға шақырды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Мемлекет басшысы ішкі толқулар, төңкерістер елдің тұтастығына сөзсіз әсер етеді деп санайды. Оған Брест бітімінен бастап Қап тауындағы соңғы жағдайларға дейінгі тарихтың жаңа парақтары куә.

– Мұндай жағдайда мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының жалғыз кепілі – Қарулы Күштер. Елімізді сыртқы қауіп-қатерден қорғап тұрған әскери қызметшілерді мемлекет әрдайым қолдайды. Президент және Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде қорғаныс саласына ерекше көңіл бөлуді өз жұмысымның басым бағыты ретінде санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаевтың бұл сөзінен:


  • Халық ішіндегі жемқорлыққа батқан жүйеге қарсылық танытып;

  • Биліктің тас-керең күйі халықпен ақылдаспай жерді шетелдіктерге жалға беріп;

  • Қазақтың ұлттық мүддесін, тілін екінші, үшінші пыланға қойып

  • Әділ сайлауды талап етіп;

  • Азаматтық қоғам құруды талап етіп, көше шығудан өзге амалы болмаса, онда ҚР Қарулы Күштері көпшілікті басып, керек болса атады деген мағына шығады.


Сонымен бірге Тоқаев алдағы 3 жыл ішінде әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлемді орташа есеппен 30 пайызға көбейту туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
Автор
Еркебұлан