Соңғы эфирде қауіп аймағына Лаура Өтеуова мен Рустам Эльяс шықты. Нұрберген өзінің шешуші дауысын Рустамға беріп, көпшілікті таңғалдырды. «Лаура Өтеуова дайын әртіс, ал Рустамның оған деңгейі жетпейді», деп санайды Цой. Бұл дауға Рустамның әйелі блогер Судоня Хабиби де қосылды. Ол өзінің бейнеүндеуінде өз күйеуін қорғап, Анатолий Цойдың айыптауларына қатысты пікір білдірді және оның әрекетін кәсібилікке жатқыза алмайтынын және оның жобада қатысуын жалғастырған DBC тобын ең әлсіз қатысушылар деп санайтынын айтты.Посмотреть эту публикацию в Instagram
Нұрберген болса, көпшіліктің өзін негізсіз айыптап жатқанын, өзін «кәуапқа сатылды» деу қисынға келмейтінін мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Нұрбергеннің атына мұндай айыптаулар қазылар алқасының мүшесі Рустам Эльяс пен Судони Хабибидің үйіне қонаққа барып, мол дастарқанынан дәм татқаннан кейін айтыла бастады.Посмотреть эту публикацию в Instagram