Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Гүлзира Айдарбекова Заңғардың бірінші әйелі жайлы айтты

Гүлзира Айдарбекова Заңғардың бірінші әйелі жайлы айтты

Гүлзира Айдарбекова бұрынғы кенже келіні сыр шертті. "MOM’skий әңгіме" бағдарламасында продюсер Заңғардың бірінші әйелі Жібекке қатысты ел көкейіндегі сауалға жауап берді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова Заңғардың бірінші әйелі Жібек жайлы айтты. "Халық біресе, Заңғардан көреді. Біресе, менен көреді. Шапалақты ұрсаңыз, дыбыс екі қолдан шығады. Ол бір жақтан болмайды. Ол біреудің еркелетіп өсірген қызы. Ол үйінде көп тұрмаған, мектеп бітіргесін шетелде болған. Өзімен-өзі жайлы өмір сүріп қалған қыз. Үлкен әулетке келіп, сіңісіп кетуі де қиын. Оның бәріне түсіністікпен қарадық. Кетер келін кетті ғой. Келген кезде халық "Түрі мынадай", "Көзі мынадай" деп тыныштық бермеді. Енді кеткен кезде "Сол келін дұрыс па еді" деп, жанашырлық білдіріп жатыр", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, осыған дейін Гүлзира Айдарбекова Заңғардың жаңа келіншегі жайлы айтқан болатын. Продюсер баласының отбасына халықтың сыны кері әсерін тигізіп жатқанын жеткізді.

Автор
Айбар