Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Головкинмен реванш өткіземін - Дэниэл Джейкобс

Головкинмен реванш өткіземін - Дэниэл Джейкобс

IBF чемпионы Дэниэл Джейкобс мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жеңcе Геннадий Головкинмен қайта кездеседі, - деп хабарлайды Аllboxing.ru сайтына сілтеме жасап. 

«Бұл мен үшін тамаша сценарий, өйткені мен Головкинмен бірінші жекпе-жекте жеңіске жеткеніме сенімдімін. Сондықтан, мен «Канелоны» жеңген кезде, Головкинмен есепті теңестіру үшін реванш аламын», - деді Дэниэл Джейкобс lvsportsnetwork.com сайтына берген сұхбатында.

Боксшы Сауль Альварес өте мықты қарсылас екенін түсінеді, бірақ ол 4 мамырда жеңіске жету үшін өзіндегі мықты тұстарының барлығын іске қосатынын айтады. «Мен физикалық тұрғыдан одан мықтымын, бойым да биік, денем де ірі. Ол маған қарағанда әлдеқайда кішірек», - деді Джейкобс. 


prosports.kz
Автор
Санжар