Баден-Вюртемберг федералды штатының Ландтаг (жергілікті парламент) өкілі Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына тиесілі Баден-Бадендегі сәнді жылжымайтын мүлікті тәркілеуге шақырады, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.
DW хабарлағандай, бұл бастаманы Германия социал-демократиялық партиясының (СПД) өкілі Йонас Вебер көтерді.
– Мен сізді және сіздің штат үкіметін Баден-Вюртемберг автократтар мен олардың мүлкінің орталығына айналмауы үшін барлық мүмкін шараларды, соның ішінде тәркілеуді қабылдауға шақырамын. Менің ойымша, бұл, ең алдымен, өз Отанындағы демократиялық күштердің алдындағы парызымыз, – деді Вебер.