
Артық төлем жасамай, сайт ашпай-ақ ақша табу жолдары
Yandex.Toloka - бұл бос уақытында компьютерден немесе ұялы телефоннан қарапайым тапсырмаларды орындай отырып, ақша табуға мүмкіндік беретін Яндекс қызметінің бір түрі. Ол жерде арнайы кәсіби дайындықтың, белгілі мамандықтың қажеті жоқ. Тек тапсырмалар тізімін қарап, өзіңізге ыңғайлысын таңдап, орындасаңыз, жұмыстың көлемі, қиындығы, ұазқтығына қарай табыс табасыз. Тапқан табысыңызды банк картасына немесе т.б электронды әмияндарға аударып ала аласыз. Копирайтинг, рерайтинг. Бүгінгі сайт журналистері, блогерлер бұл терминмен таныс. Мәтінді қайта жазу, өңдеу арқылы да табыс таба аласыз. 1. ADVEGO 2. ETXT 3. TURBOTEXT 4. TEXTBROKER Фотоларды сату. Әлемдік БАҚ, танымал сайттар, журналдар т.б мақсатта сапалы суреттер іздейді. Сатып алады. Дәл осындай мақсаттағы әлемдік танымал сайттарға өз суреттеріңізді орналастыру арқылы да табыс таба аласыз. Блогтарға, форумқа, әлеуметтік желі жазбаларына пікір жазу, лайк басу, репост жасау. Бұл үшін сіз өз аккаунтыңызбен тапсырылған желідегі жазбаға пікір жазып, лайк басып, жазылып, репост жасау арқылы табыс таба аласыз. Мысалы, бір компания өкілдері желідегі өз өнімдеріне жақсы пікір жинағысы келсе немесе нашар пікірлер легін жағымды жаққа өзгерткісі келсе, осындай сервистерге ақша төлейді. Сіздің жазған комментіңізге ақша осындай клиенттердің есебінен төленеді. Өз қабылетіңізді, өнеріңізді сату. Мысалы, сіз дизайнерсіз. Әдемі логотип жобалау, түрлі тапсырыстарды сызуды жақсы білесіз дейік. Онда сізге мол мүмкіндік бар. fl.ru сияқты фрилансер сервистерге тіркеліп, сондағы тапсырыстарды орындай аласыз. Бұл жерде тек дизайн емес, код жазу, сайт жасау, мақала жазу, жарнамаға мәтін жазу, аударма, т.б жұмыс түрлері өте көп. Әлеуметтік желілердегі қарапайым тапсырмалар арқылы ақша табу. Бұл жерде де өзіңіздің тірі аккаунтыңыз арқылы жазылу, лайк басу, репост жасау арқылы табыс таба аласыз. Серіктестік бағдарламалар арқылы табыс (Орыс тілінде партнерских программа деп іздеу арқылы таба аласыз) Бұл үшін ұсынылған тауардың сілтемесін қойып, оған тапсырыс берген әр адам үшін сіз өз үлесіңізді аласыз. Бұл жақта әр сатылған тауарға ең төменгі табыс 400-500 рублден басталады.
Сайт ашу арқылы ақша табу
Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастырған вебинарлар сериясында осы мақаланың авторы сайт ашу, домен, хостинг сатып алу, контентті орналастыру, іздеу жүйесіне қосу туралы сабақ өткенбіз. Сабақ барысында бірден 3 сайт ашылған болатын. Енді сол ашылған сайттан қалай ақша табуға болатыны жайлы айтайық. Сайтқа ақшаны Google, Yandex және т.б жарнама орналастырушылардың есебінен табуға болады. Ол үшін сайтыңызға күніне кем дегенде 500 адам кіруі керек. Google Adsense Google жарнамасын қазақ тілді сайтқа қоя алмайсыз. Оны қосу үшін халықаралық тілдегі сайт ашсаңыз ғана, мүмкіндік бар. Мысалы, орыс тіліндегі сайт, ағылшын тіліндегі сайт, қытай тіліндегі сайт. Google-дың бұл жарнамасын тек сайтқа қана емес, мобильді қосымшаға да қоя аласыз. Ол жаққа тілдік шектеу жоқ.


Youtube арқылы ақша табу
YouTube-те ақша табудың үш негізгі әдісі бар: Бірінші, Серіктестік бағдарламаға қосылыңыз немесе медиа желілердің біріне қосылыңыз, Google Adsense жарнамалары арқылы табыс табу үшін. Екінші, Брендтермен, интернет-дүкендермен, қызметтермен, яғни клиенттерді тіке тарту арқылы, ақша төлеуге дайын адамдармен ынтымақтастық арқылы. Бұл дегеніміз көлік туралы канал автошинаны, көлік майларын, автобөлшектер сататын дүкенге жарнама жасап ақша таба алады. Үшінші, Аудиторияның адалдығы мен жомарттығы арқылы. Мысалы, Дәулет Төлеутай есімді журналист үй туралы блог жүргізеді және қайырымдылық жасап, өзінің инстаграм және Youtube оқырмандары арқылы ақша жинайды, мұқтаждарға үй алып беріп жүр.
- Өз салаңызды, тақырыбыңызды таңдаңыз. Мысалы, көлікке, медицинаға, құрылысқа, т.б салаға.
- Видеолардың өзіңіз түсіріңіз, авторлық құқықты сақтаңыз. Себебі, көшірілген видеолар арқылы ақша таба алмайсыз.
- Видеоны әрлейтін аудионы таңдаңыз. Оны Youtube-тың тегін аудио сервисінен жүктеп алып, атын көрсету керек.



Видеоны монтаж жасау және жүктеу барысында мыналарға аса мән беріңіз:
- Видеоны түсіріп жатқанда каналға жазылу керек екенін әрдайым айтып отырңыз;
- Монтаж жасап жатқандай қоңыраушаны бейнеге шығарып, жазылуға шабыттандырыңыз;
- Келесі видеода не болатынын айтып, өткен видеодағы танымал пікірлерді жариялап, көрерменді шабыттандырып отырыңыз;
- Видеоны жүктеу барысында кілтсөздерді қосуды ұмытпаңыз;
- Сипаттамаға видеоның не туралы екенін және қолданған әуеннің атын жазып қойыңыз;
- Видео ішіндегі өзіңіз айтып отырған мәліметтерді қайдан алғаныңыз туралы сілтеме, байланыс телефондарын жазып кетіңіз;
Мейіржан Әуелханұлы, KzNews.kz