«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Франциядағы жарылысқа күдікті "Ислам мемлекетінің" содыры екенін айтты

Франциядағы жарылысқа күдікті "Ислам мемлекетінің" содыры екенін айтты

Францияның Лиона қаласында теракт ұйымдастырды деп күдікке ілінген азамат өзін "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымның содыры екенін айтты. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеп, жергілікті BFMTV арнасы хабарлады.

Әуелде Мохамед Хишем өзінің бұл топқа қатысы барын жоққа шығарған. Оның жарылысты не үшін ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Күдіктінің үйін тінту кезінде оның интернеттен жиһад туралы іздегені анықталған, бірақ "Ислам мемлекетімен" қандай да бір байланысы бар екеніне айғақ табылмады.

24 мамырда Лиона қаласының орталығында жарылыс болып, 13 адам зардап шеккен. Полиция күдіктіні үш күннен соң, 27 мамырда ұстаған. Соңғы деректерге қарағанда, наубайхана есігінің алдына қойылған сөмкедегі қолдан жасалған жарылғыш зат жарылған. Жарылыс террористік мақсатта жасалған қастандық ретінде тергеліп жатыр.


Azattyq
Автор
Бауыржан