Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Францияда жанармай салығына қарсы халық ереуілі қайтадан басталды

Францияда жанармай салығына қарсы халық ереуілі қайтадан басталды

Францияда сарылардан құралған топтың наразылық акциялары әлі де жалғасып жатыр.  

Халық толқуын баасу үшін Франция үкіметі жанармай салығын алдағы жылдары көтермейтінін айтқан болатын. осыған байланысты Франция президенті Эммануэль Макронның салықты өсіруге 6 айға дейін шектеу енгізіліп, газ бен электр энергиясы бағасын өсіруге де уақытша тыйым салу туралы шешім шығарды. Алайда, сарылар бұл шешімге тағы да қарсылық білдіріп, кезекті мәрте ауқымды шеру ұйымдастырды. Елдің премьер-министрі Эдуар Филипптің айтуынша, жергілікті билік наразы топ жиналатын алаңға алдын-ала тоқсан мыңнан астам тәртіп сақшыларын орналастырған.

Айта кетейік, салықтың көтерілуі мен қымбатшылыққа қарсы ұйымдастырылған шеру үш аптаға созылды. Өткен аптада шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласып, қақтығыс салдарынан 130 адам жараланған. Оқиғадан соң Париждегі Салтанат қақпасы ауданында полиция жанармай салығын көбейтуге қарсылық білдіріп шеруге шыққан наразыларды тоқтату үшін пиротехникалық гранаттар қолданған. Сарапшылар шеруден келген шығын шамамен 3 миллион еуро болатынын айтады.

"The Qazaq Times"

Автор
Жандос

Журналист