ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Евровидение-2019" бас жүлдесін Нидерланды әншісі алды

"Евровидение-2019" бас жүлдесін Нидерланды әншісі алды

"Евровидение-2019" бас жүлдесін Arcade әнін орындаған Нидерланды әншісі Дункан Лоуренс жеңіп алды. Екінші орынды - италиялық әнші Алессандро Махмуд, үшінші орынды - ресейлік әнші Сергей Лазарев иеленді. Махмуд - "Сольди" әнін, Лазарев - Scream әнін орындаған.

Байқау жеңімпазы Лоуренс - 25 жаста. 2014 жылы Нидерландыдағы "Дауыс" байқауына қатысып, жартылай финалға дейін жеткен. Осыдан соң рок-академиясында оқып, 2019 жылы тәмамдаған.

Ресейлік әнші Лазарев "Евровидениеге" осымен екінші рет қатысты. 2016 жылы Стокгольмде өткен байқауда You Are The Only One​ композициясын айтып, үшінші орынды иеленген еді.

ВИДЕО: Дункан Лоуренстің орындауындағы Arcade әні.


Azattyq
Автор
Әлихан