Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді

Еуро-2024 футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


"Астана Арена" стадионында өткен кездесуде 3:1 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Матчтағы алғашқы голды ойынның 18-минутында отандасымыз Ислам Чесноков соқты. Екінші тайм бастала сала, 51-минутта қарсылас қақпасына екінші голын соққан Ислам Чесноков дубль авторы атанды.

Ойынның 60-минутында Сан Марино құрамасының ойыншысы Қазақстан қақпасына қарымта гол соғып, есепті 2:1 жеткізді.

Қазақстан құрамасы матч соңында пенальтиден гол соқты. Есеп 3:1. Гол авторы - Абат Айымбетов.

Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын Қазақстан құрамасы үш күннен соң Словенияға қарсы өткізеді.

Айта кетейік, ойынға ұлттық құрамаға қолдау көрсету үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин, әнші Димаш Құдайбергенов келді. Ойынды тамашалау үшін стадионға бүгін 30 100 жанкүйер жиналған.

Автор
Айбар