Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ерлан Саиров: Банктер туралы жаңа заң саладағы олигархтардың күшін жояды

Ерлан Саиров: Банктер туралы жаңа заң саладағы олигархтардың күшін жояды

Банктер туралы жаңа заң саладағы олигархтардың күшін жояды. Мұндай пікірді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров білдірді. 


Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент банктер туралы жаңа заң қабылдау қажеттігін айтқан болатын. Осыған орай Мәжіліс депутаты пікір білдірді.

«Банктер соңғы 30 жылда халықтың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, өте үлкен пайда тапты. Және де ол жекелеген азаматтардың тағдырына да әсерін тигізді. Сондықтан банктер туралы жаңа заң қажет. Жаңа заң ең алдымен банк саласындағы бәсекелестікті қалпына келтіреді. Екіншіден, әлеуметтік әділеттілікке алып келеді. Яғни, банк саласындағы олигархтардың күші жойылады», - деді Ерлан Саиров.


Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында банктер туралы жаңа заң қажет екенін айтқан болатын.
Автор
Әлихан

Журналист