Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Еркебұлан Тоқтар Узоковтың орнына оның бауырымен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Еркебұлан Тоқтар Узоковтың орнына оның бауырымен жекпе-жек өткізуі мүмкін
Фото: Бейнежазбадан кескін

Қазақстандық ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтар өзбек файтері Шахзод Узоковтың сотталғанынан кейін жекпе-жек жоспары өзгергенін мәлімдеді. Спортшы енді оның орнына Узоковтың туған бауырымен октагонға шығуға дайын екенін ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Еркебұлан Тоқтардың айтуынша, “Голд” лақап атымен танылған Шахзод Узоков 3,5 жылға бас бостандығынан айырылғандықтан, олардың арасындағы күтілген жекпе-жек белгісіз мерзімге кейінге шегерілген.

“Достар, “Голд” 3,5 жылға қамалды. Енді тек сол мерзім өткен соң ғана шығады. Оның бауыры бар екен, ең болмаса сонымен төбелесермін. Өйткені мен 70 келіге дейін салмақ қумаймын, осындай ірі жігіттермен жұдырықтасқым келеді”, — деді Тоқтар.

Айта кетейік, Тоқтар мен Узоков арасындағы текетірес былтыр әлеуметтік желіде басталған. 2025 жылдың желтоқсанында қазақстандық спортшы Ташкентте жекпе-жек өткізген кезде, Шахзод Узоков оған ашық түрде қарсылас болуға ұсыныс жасаған. Сол сәтте екеуі ринг үстінде көз арбасып, жанкүйерлердің қызығушылығын оятқан еді.

Кейін қос файтердің жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойғаны туралы ақпарат тарағанымен, соңғы жағдай бұл жоспарды түбегейлі өзгертіп отыр. Енді Тоқтардың жаңа қарсыласы ретінде Узоковтың бауыры қарастырылып отыр.

Өзбекстандық БАҚ мәліметінше, 2026 жылғы 19 наурызда Шахзод Узоковқа қатысты сот үкімі шығып, ол 3 жыл 13 күнге бас бостандығынан айырылған. Осылайша көптен күткен жекпе-жек әзірге жүзеге аспайтын болды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер