Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ердоған мен Әлиев Таулы Қарабақта халықаралық әуежай ашты

Ердоған мен Әлиев Таулы Қарабақта халықаралық әуежай ашты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Түркия басшысы Режеп Ердоған Таулы Қарабақ аймағына жақын Физули қаласындағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты, деп kznews.kz сайты Азаттыққа сілтеме жасап.

Нысан сегіз ай ішінде салынып біткен. Былтыр қарашада 44 күндік соғыстан кейін армяндар мен әзербайжан арасында атысты тоқтату жөнінде келісім жасалып, өзге елді мекендермен бірге Физули ауданы да Баку бақылауына өткен болатын.

Әуежайда әзірге бір ғана ұшып-қону жолағы бар, терминал 200 жолаушыға арнап жасалған.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) нысанды әуежай тізіміне енгізіп, FZL деген белгісі бар код берді.

Физули былтырғы соғыс кезінде Әзербайжан тарабына қайтарылған алғашқы қала.

Әуежай Таулы Қарабақ аймағындағы негізгі қала – Шуша қаласының оңтүстік-шығысына қарай жүз шақырым жерде орналасқан.

Автор
Данияр