Бразилияның Марау ауданында көршісі 23 жастағы әйелді және оның 6 жасар ұлын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды kznews.kz Daily Star басылымына сілтеме жасап.
Қылмыскер 32 жастағы Ролемберг Сантос де Пина болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ол көршісіне — Кариэлле де Соузеге — ғашықтық сезімін білдіріп, қарым-қатынасқа шақырғанымен, әйел қарым-қатынаста болғандықтан оны кері қайтарыпты.
Қылмыс күні ер адам қыздың үйіне келіп, оны және баланы пышақпен шабуылдаған. Содан кейін қылмыскер оқиға орнынан мотоциклмен қашып кеткен. Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізгенімен, олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Кейін қылмыскердің денесі ауылдық жердегі фермада табылған. БАҚ мәліметінше, ол өз өміріне қол жұмсаған.
Өлген әйел сұлулық байқауларына қатысып, капоэйрамен айналысып, шаш өрумен де шұғылданған. Оған қоса, оның тағы бір баласы бар.