1 қыркүйектен бастап мектептерде не өзгереді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда 28 жастағы әйелді күйеуі ұрып өлтірген

Қарағандыда 28 жастағы әйелді күйеуі ұрып өлтірген
Видеодан алынған кадр

Қарағандыда 28 жастағы, Шымкент қаласының тумасы Динара Мыңбаеваның өліміне қатысты дау туындады. Екі баланың анасы 2025 жылғы 3 шілдеде жұбайымен бірге тұрған пәтерден асылып қалған күйде табылған, деп хабарлайды kznews.kz.

«Криминальный Казахстан» мәліметінше, полиция бұл жағдайды суицид ретінде тіркеп, қылмыстық істі тоқтатқан. Алайда марқұмның жақындары оның өліміне қатысты бірқатар күмәнді жайт барын айтып, істі қайта тексеруді талап етіп отыр.

Марқұмның әпкесінің сөзінше, қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Динара мен күйеуі арасында жанжал болған. Әйел полиция шақырып, жұбайының өзіне күш көрсеткенін айтқан. Алайда туыстарының мәлімдеуінше, оқиға орнына келген полицейлер арызда тек ауызша балағаттау фактісін көрсетуді ұсынған.

Сол түні Динара анасына телефон шалып, өзіне күш көрсетіліп, тұншықтырылғанын айтқан. Сондай-ақ балаларын алып кетуді өтінген.

Динараның анасы Шымкенттен жолға шығуға дайындалған. Алайда осы телефон қоңырауынан кейін қызымен қайта байланыса алмаған. Келесі күні отбасы оның қайтыс болғаны туралы хабар алған.

Марқұмның туыстары оқиға орнында да күмән тудырған жайттар болғанын алға тартады. Олардың айтуынша, Динарының денесінде көгерген іздер болған. Сонымен қатар пәтерден кілем жоғалып кеткен, ал әйелдің денесі ата-анасы келгенге дейін мәйітханаға жеткізілген.

Осыған байланысты отбасы Динараның өлімі суицид емес, оны өлтіру болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Алайда бұл нұсқа әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Марқұмның жақындары Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінен істі қайта тергеуді және қайғылы оқиға қарсаңында шақырту бойынша келген полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беруді сұрап отыр.

Динара Мыңбаеваның артында үш жастағы және бір жарым жастағы екі ұлы қалды.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.