Орынбор облысының Ақбұлақ елді мекенінде таныс әйелін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Екеуінің арасында ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, соңы қайғылы жағдайға ұласқан, деп хабарлайды kznews.kz.
Соль-Илецк қаласының тергеушілері Ақбұлақ ауданының 47 жастағы тұрғынын ұстады. Оған жергілікті әйелді өлтірді деген айып тағылды.
Тергеу мәліметінше, қылмыс Ақбұлақ кентіндегі Ақтөбе көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болған. Бірге ішімдік ішіп отырған ер адам мен әйел арасында жанжал шыққан.
Кикілжің кезінде айыпталушы үшкір басты күректі алып, әйелдің мойын тұсына бірнеше рет соққы жасаған.
Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Тергеушілер қылмыс құралы мен басқа да заттай дәлелдерді тәркіледі.
Жақын арада сот күдіктіні қамауға алу мәселесін қарайды.