Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордада ер адам көршісі мен оның 34 жастағы қызын пышақтап өлтірген

Қызылордада ер адам көршісі мен оның 34 жастағы қызын пышақтап өлтірген
Фото: polisia.kz

8 қаңтарға қараған түні пышақ жарақаттарының салдарынан Қызылорда қаласының тұрғыны және оның 34 жастағы қызы көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы полицияға қаза тапқандардың көршілері хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс орнында ұстады.

"Ұсталған азамат жәбірленушілердің көршісі. Аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі