KZNEWS.KZ
Мәдениет

Энрике Иглесиастың Астана мен Алматыдағы концерттеріне билеттер сатыла бастады

• Асқар Алтайұлы
Фотоиллюстрация: Kznews

Әлемге танымал өнер жұлдызы Энрике Иглесиас Қазақстанда екі концерт өткізетін болды, деп хабарлайды kznews.kz.

3 қыркүйек күні елордадағы "Астана-Аренада", ал 5 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында өнер көрсетеді. Билеттер 7 наурыздан бастап сатылымға шығады. 

Әлемдік турне аясындағы Энрикенің кез-келген концерті аншлагпен өтеді. Бұл жолы да ол Қазақстанда стадиондағы шоуын көрсетеді. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша концертке тек қана қазақстандықтар емес, алыс-жақын шетелден көптеген қонақтар келеді деп күтілуде. 

 Энрике Иглесиас тыңдарманға Bailando, Hero, Escape және I Like It секілді әлемдік хиттерін ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік өткен жылы Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys ұжымы келіп, Алматы мен Астанада бұрын соңды болмаған концерттерін берген болатын.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →