Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Енді кейбір қазақстандықтарға шетелдік нөмірмен жүруге рұқсат беріледі

Енді кейбір қазақстандықтарға шетелдік нөмірмен жүруге рұқсат беріледі

Мәжіліс «Жол қозғалысы туралы» заңға бірқатар өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Kolesa.kz мәліметінше, енді Қазақстан азаматына тиесілі, бірақ елімізде тіркелмеген әрі уақытша әкелінген көлік «халықаралық қозғалыстағы автомобиль» ретінде танылады. Бұл дегеніміз, шетелде тұрақты тұруға құқығы бар (резиденттік мәртебесі, тұруға рұқсаты немесе ұзақ визасы бар) қазақстандықтар өз елінде шетелдік нөмірлі көлікпен бір жылға дейін жүруге мүмкіндік алады.

Заңға түзетулерді Парламент осы қыста қабылдауы тиіс. Алайда жаңа норма бірден емес, алты айдан кейін, нақтырақ айтқанда 2026 жылдың жазынан бастап күшіне енеді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.