Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елорданың 69 жастағы тұрғыны әйел зорлағаны үшін ұсталды: оқиғаның мән-жайы

Елорданың 69 жастағы тұрғыны әйел зорлағаны үшін ұсталды: оқиғаның мән-жайы

Аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 120-шы және 126-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 45 жастағы әйелді бас бостандығынан заңсыз айырып, зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 23 қазанында 45 жастағы әйел Нұр-Сұлтан қаласының полициясына жүгінген. Оның айтуынша,  бейтаныс адам оны пәтерінде заңсыз ұстап, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген.

Полицейлер 69 жастағы күдіктіні ұстады.

"Тергеу барысында полиция арыз берушінің күдіктімен кездейсоқ танысқанын анықтады. Содан кейін ер адам оны пәтеріне ішімдік ішуге шақырған. Әйел келісім берген. Екеуі бірге ішімдік ішкеннен кейін ер адам есікті іліп, әйелді 10 күн бойы үйінде ұстаған", - деді полиция департаментінде.

Тағы оқыңыз: Алматы облысының тұрғыны өзін туған інісі зорлағанын айтты

Аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 120-бабы ("зорлау ") және 126-бабы ("бас бостандығынан заңсыз айыру ") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр.


sputniknews.kz
Автор
Айбар