Қоғам

Елімізде тағы бір спортшы қызға көлік сыйға тартылды

Елімізде тағы бір спортшы қызға көлік сыйға тартылды

Қазақстан тарихындағы алғашқы парадзюдо бойынша Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек кәсіби JENYS дзюдо клубынан сыйға берілген жаңа автокөлікке ие болды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Бұл сыйлық спортшының қажырлы еңбегін, ерік-жігерін және халықаралық аренадағы орасан жетістіктерін мойындаудың жарқын үлгісі болды.

Ақмарал Науатбектің жетістіктері:

  • 2022 жылғы әлем чемпионы (Баку), 48 кг салмақ дәрежесінде, J2 санаты
  • 2023 жылғы IV Азия Параойындарының чемпионы (Ханчжоу)
  • 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы (Париж) – Қазақстан тарихындағы тарихи алтын
  • 2025 жылғы Әлем кубогының иегері (Тбилиси), 52 кг салмақ дәрежесі
  • «Халықтың сүйіктісі» және «Қазақстанның үздік спортшысы» марапаттарының иегері

Осыған дейін Әбиба Әбужақынова да төртінші көлігін сыйға алған еді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz