Қазақстан футболындағы даулы оқиғаға байланысты «Елімай» – «Ордабасы» кездесуінің бас төрешісі Арман Исмұратов 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.
Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, ол бейәдеп сөз қолданғаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылған.
Матч 1:3 есебімен шымкенттік клубтың пайдасына аяқталған. Ойыннан кейін «Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович, спорт директоры Федор Симиниди және ойыншылардың бірі қызыл қағаз алған.
Кейін әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда төреші мен клуб өкілдерінің өзара балағат сөздер айтқаны байқалған. Осыдан соң Симиниди төрешінің үстінен арыз түсіріп, сот Исмұратовты әкімшілік жауапкершілікке тартты.
“Алайда жарияланған басқа жазбаларда төрешімен жанжал кезінде «Елімай» өкілдерінің де бейәдеп сөздер қолданғаны көрінеді. Осыған байланысты қоғамда оқиғаға қатысқан барлық тараптың әрекетіне құқықтық баға берілуі тиіс”, – дейді ол.