"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жұптық санатында жартылай финалға өтті

Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жұптық санатында жартылай финалға өтті

АҚШ астанасы Вашингтонда өтіп жатқан WTA 500 деңгейіндегі турнирде Елена Рыбакина мен Ұлыбританиялық теннисші Эмма Радукану жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл кездесу 25 шілдеге қараған түні өтті. Ширек финалда Рыбакина мен Радукану мексикалық Джулиана Олмос пен индонезиялық Алдила Сутджиадиді 7:6 (8:6), 6:4 есебімен тізе бүктірді. Алдағы кезеңде қазақстандық-британдық жұп Қытай өкілі Чжан Шуай мен америкалық Тэйлор Таунсендпен финал жолдамасына таласады.

Айта кетейік, Елена бұл жарыста бір мезетте жеке және жұптық санаттарда өнер көрсетуде. Бүгін ол жекелей сында ширек финалдық матчқа шығады. Қарсыласы – Польшадан келген Магдалина Френх.

Еске салайық, Осыған дейін Рыбакина турнирдің екінші айналымында 18 жастағы канадалық Виктория Мбокодан басым түскен. Ол кездесуді 7:5, 7:6 (7:1) есебімен аяқтады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.