Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елдос Сметов бесінші баласын перзентханадан шығарды

Елдос Сметов бесінші баласын перзентханадан шығарды

Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов бесінші баласын перзентханадан шығарды. Жақындарымен бірге қуанышты сәтін атап өткен дзюдошы кенже туған ұлына өзі азан шақырып, Абдолла деген есімді берді, деп хабарлайды 1bol.kz.

Әлеуметтік желіде бірнеше бейнежазба жариялаған спортшы перзентханадан баласын алқалы топпен шығарып алған. Домбырамен ән салған әншілер оның қуанышын еселей түскен. Шілдехана рәсімі оның үйінде жалғасып, ата-анасы немерелеріне тілектерін арнады.

«Ата-анамызды бізге жасаған дұғаларының арқасында Алла бізге осындай қуаныш берді. Шын мәнінде Алла шын сүйген құлдарынан екенбіз. Сондай нығметке бөлеп жатыр», - деді спортшы.

Автор
Айбар

Журналист