"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елбасы Грузияның жаңа президентін жеңісімен құттықтады

Елбасы Грузияның жаңа президентін жеңісімен құттықтады
30 Қараша 2018, 19:04 336 0

Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Саломе Зурабишвилиге Грузия Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Саломе Зурабишвилиді Грузия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

«Өткен сайлаудағы жеңісіңіз – ел азаматтарының Сізге деген сенімі мен қолдауының, сондай-ақ Грузияның жаңа жетістіктері мен елдеріңіздің одан әрі өркендеуіне деген үмітін Сізбен байланыстыруының айқын дәлелі. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен түсінушілікке негізделген өзара тиімді ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне кәміл сенемін» – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Саломе Зурабишвилиге зор денсаулық, амандық, жауапты қызметіне – табыс, ал достас Грузия халқына – бақ-береке тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Грузиядағы президент сайлауында оралман әйел жеңіске жеткені туралы жазған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Мадияр