KZNews.kz
Мәдениет

Ел астанасында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Ayzhan Sylanova
Фото: Ақорда

Салтанатты іс-шарада Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысына рапорт беріп, одан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтерілді және Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.

Президент өз сөзінде Республика күнінің — ел тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің бастауы екенін атап өтіп, халқымызды мерекемен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл күн ел бірлігін, егемендік рухын және ұлттың тарихи таңдауының маңызын айқындайтынын айтты.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі елордамен қатар, барлық өңірде, облыс орталықтары мен әскери бөлімдердежалғасын табуда.
Бұл шара — тәуелсіз Қазақстанның басты нышандарының бірі болып саналатын көк байраққа деген құрметтіңбелгісі.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары