Сарапшылардың есептеуінше, жылжымайтын мүліктің құны шамамен 4,7 миллион долларды құрайды. Сонымен қатар кешеннің жерасты паркингінде екі автотұрақ орны бар. Жалпы алғанда, Асхат Дүйсеновтің бұл нысандағы активтері 2,7 миллиард теңгеге жетуі мүмкін.
Telegram-арна авторларының жазуынша, Асхат Дүйсеновтің ірі бизнесі жоқ, бірақ оның салық қарыздары, елордадағы сәтсіз инвестициялары және қылмыстық жолдары бар екені айтылады. Дегенмен бұл жайттар ағасы Мақсат Дүйсеновтің құқық қорғау органдарындағы қызметіне еш кедергі келтірмеген.
Осы уақытта Алматы қаласы Алмалы аудандық полициясы прокуратураның бастамасымен Мақсат Дүйсеновке іздеу жариялаған. БАҚ-та оның бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровпен байланысы болуы мүмкін екені де сөз болуда.