Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек қатысқан жол-көлік оқиғасынан жарақат алған ер адам Тараздағы медициналық мекемеге жеткізілді. Нұржігіт бұған дейін, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл туралы Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, науқасты Таразға тасымалдау сәтті өткен. Нұржігітпен бірге жол бойында анасы да болған.
Бұрынғы депутаттың сөзінше, тасымалдау кезінде науқастың жағдайы нашарламаған. Енді оны Тараз қаласында травматолог дәрігерлер емдейді.
Базарбек зардап шеккен азаматтың денсаулығына қатысты жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.