KZNEWS.KZ
Спорт

Екінші алтынды да велошабандоздар әкелді! Луценко – 5 дүркін Азия ойындарының чемпионы

Асқар Алтайұлы
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметі

Алексей Луценко Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды kznews.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі ерлер арасындағы тасжол велоспортынан жекелей уақытқа жарыста жеңімпаз атанды. Алексей Луценко үшін бұл – мансабындағы төртінші Азия ойындары, ал құрлықтың басты додасында жеңіп алған бесінші алтын медалі.

Жарыс нәтижелері:
Алексей Луценко — 41:24.05
Шунсукэ Имамура — 42:58.04
Сайнбаяр Джамбальямц — 42:58.06

Бұған дейін отандасымыз 2014, 2018 және 2023 жылдардағы Азия ойындарында да чемпион атанған.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарына алғаш рет қатысқан 1994 жылдан бері жазғы Азия ойындарының бес дүркін чемпионы атанған спортшы тек каноэші Константин Негодяев болатын. Ол бұл нәтижеге 1994 және 1998 жылдардағы Азия ойындарында қол жеткізген.

Алексей Луценко сондай-ақ 2017 жылғы Азия чемпионы және 2012 жылғы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионы.

Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Айти–Нагояда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтіп жатыр.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →