KZNEWS.KZ
Спорт

Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

• Айжан Сыланова

Әділет Алмат дзюдодан алтын медаль иеленді. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады kznews.kz.

«81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділет Алмат финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына юко және вазари әдісін жасап, жеңіске жетті», – делінген хабарламада.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →