ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дос Көшім: Желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдардың барлығына медаль тақса жақсы болар еді

Дос Көшім: Желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдардың барлығына медаль тақса жақсы болар еді

"Желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдардың барлығына медаль тақса жақсы болар еді. Қазір ол да жоқ. Күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ адамды Тәуелсіздікке 30 жыл медалімен марапаттады ғой. Ең қызығы сол адамдардың бірде біреуі тәуелсіздік үшін күрескен адамдар емес. Мен таң қаламын. Бұл надандық па, әдейі істеу ме, жоқ әлде боздақтардың әруағын қорлау ма?!

Мысалға соғыс кезінде Берлинді алғаны үшін, Ленинградты азат еткені үшін деген медальдар болды ғой. Бұл марапат тек сол соғысқа, тап сол жерде болғандарға ғана берілген. Мәселен былтырлары корновирус індетіне қатысты дәрегерлерді марапаттады.

Ал ол медальды экология қызметкерлеріне бермейді ғой. Сол секілді әрбір марапаттың соған қатысты иесі бар, соған қатысты мағынасы бар. Сол 86 жылы алаңда жүріп, ел болу үшін одан кейін де еңбек еткендерді елеп жатқан қазір ешкімді көрмедім.

Керек десеңіздер сол медаль алып, марқайып жүргендердің көбі кезінде тәуелсіздікке қарсы шыққан адамдар. Мені қатты толғандыратын мәселе осы”, - деді Дос Көшім.

Автор
Нұрсұлтан