Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Діни ұйым мүшелері балаларға азғындық жасады деген күдікке ілінді

Діни ұйым мүшелері балаларға азғындық жасады деген күдікке ілінді

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Алматылықтардың арызынан кейін тексеріс басталды. Тұрғындар ұйымның кеңсесі мен кейбір мүшелерінің үйінде тінту жүргізілді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Алматы қаласының полиция департаменті "Иегова куәгерлерінің"* үстінен арыз-шағымдардың түсуіне байланысты тексеріс өткізді. Сот тиісті санкциясын берді.

Ресми мәліметке сәйкес, тексеріс кезінде "Иегова куәгерлері"* діни ұйымының мүшелерінің үйі мен  қызметтік кеңселерінде тінту жасалған. Бұған сотқа дейінгі тергеу материалдары себеп болған. ҚР Қылмыстық кодекстің 122-бабы 3-тармағында ("он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді бірнеше рет жасау") көрсетілген құқық бұзушылық анықталды.

Тағы оқыңыз: Ақтөбе лагерінде шу шықты: жеті баланың ата-анасы полицияға арыз берген

Бұл бап бойынша өмір бойына белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығы мен он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Алматының полиция департаментінде 16 жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың жасалуы тексеріліп жатқанын хабарлады. 

Бұл іске қатысы барлардың аты-жөні жарияланбайды.

"Иегова куәгерлері"* - Ресей аумағында тыйым салынған ұйым.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр