Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Динара Сәтжан шашын жалбыратып, аяғын айқастырып сәлем салды

Динара Сәтжан шашын жалбыратып, аяғын айқастырып сәлем салды

Желіде танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның сәлем салған видеосы тарады, деп хабарлайды Kznews.kz

Видеоны Диана Жұмағұлова есімді TikTok қолданушысы жүктеген. 

    «Мұндайды сіздерге ешкім көрсетпейді! Жақында Динараның үйіне қонаққа барып, дастарханына отырдық. Ол бізге «Келін шай» берді», - деп жазды тележүргізушінің видеосын жүктеген Диана Жұмағұлова есімді желі қолданушысы.

Ол Динара Сәтжанның еңбексүйгіштігіне, ашықтығына және шынайылығына тәнті екенін атап өтті.

Желі қолданушылары Динара Сәтжанның салған сәлеміне түрлі пікір жазды. 

«Бірінші басқа ақ орамал салады. Сосын шашты жасырады. Тізеден төмен көйлек киіп сәлем салады», «Дәстүрді қалжыңға айналдырудың не керегі бар», «Сарыағашта бұлай салмайды», «Сәлемді орамалмен салады шашын жалбыратпай», деп жазды оқырмандар.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.