Ресейдегі МемДума сайлауы: "Біртұтас Ресей" алда келеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«20 жастағыдай сезінемін»: Динара Сәтжан 44 жасқа толды (ВИДЕО)

«20 жастағыдай сезінемін»: Динара Сәтжан 44 жасқа толды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Тележүргізушінің айтуынша, жастық әжімнің болмауымен өлшенбейді.

Тележүргізуші Динара Сәтжан 44 жасқа толды. Ол туған күніне орай Instagram парақшасында видео жариялап, жасы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz

«Студент кезімде 40 жастағыларды қарт деп ойлайтынмын. Бүгін мен 44-темін. Таңертең 7:50-де ояндым да, өзімді 20 жасымдағыдай сезіндім. Басым ауырмайды, арқам сықырламайды. Жан дүниемде от бар», – деп жазды ол.

Тележүргізушінің айтуынша, жастық әжімнің болмауымен өлшенбейді. Ол жастықты ертеңгі күнге қызығушылық танытып, сүюге, шығармашылықпен айналысуға, білім алып, армандауға құштар болумен байланыстырды.

Желі қолданушылары Динара Сәтжанды туған күнімен құттықтап, оның келбетіне жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.