Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлінің «Хабар» телеарнасындағы жаңа ток-шоуға қатысатыны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Қоғамдық пікірден кейін телеарна жобаның форматы мен мақсатын түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Бағдарлама барысында қоғамда өзекті болып отырған мәселелер талқыланып, түрлі пікір мен көзқарас ортаға салынады.
Жаңа жобаға Жайна Сламбек, Ләйлә Сұлтанқызы, Мөлдір Досбай, Ақмоншақ Нұртаза, Дина Төреәлі, Лаура Лесбек және Риза Данияр қатысады. Ток-шоу күн сайын сағат 13:10-да эфирге шығады.
Телеарна өкілдері жобаның басты мақсаты әртүрлі буынның пікірін тыңдап, қоғамдағы мәселелерді жан-жақты талқылау екенін атап өтті. Алдағы уақытта бағдарламаға жасөспірімдерден бастап аға буын өкілдеріне дейін қонақ ретінде шақырылып, әрқайсысының көзқарасы ескерілмек.
«Жоба әр түрлі буын өкілдерінің пікірін жеткізуге арналған. Алдағы уақытта жасөспірімдерден бастап, аға буынға дейінгі көрермен бағдарламаға қонақ болады, барлық буынның көзқарасына орын беріледі», – деп түсіндірген телеарна.