Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Құдайберген БҰҰ-ға қонаққа барды

Димаш Құдайберген БҰҰ-ға қонаққа барды

Танымал әнші Димаш Құдайберген Біріккен ұлттар ұйымының ғимаратын аралап, Қазақстан туымен суретке түсті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркке сапары барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының кеңсесінде болды.

"Бүгін біз БҰҰ ғимаратына шақырту алдық", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі жеке парақшасында.

Біріккен ұлттар ұйымындағы Қазақстан тұрақты өкілінің кеңесшісі Әнуар Жайнақов Димаш қазақстандық дипломаттармен және олардың отбасымен сөйлескенін айтты. Айтуынша, танымал әнші өзінің қарапайымдылығымен және балаларға деген жылы қарым-қатынасымен өзгелерді қайран қалдырған.

"Қазақстандағы үйімде жүргендеймін", - деді Димаш Құдайберген БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігін аралау барысында.

Айта кетейік, қазақстандық танымал әнші 26 қазанда Нью-Йорк қаласына ресейлік продюсер, композитор Игорь Крутойдың мерейтойлық концертіне қатысу үшін барған болатын.

Сонымен қатар Димаш Құдайберген 10 желтоқсан күні Нью-Йорктегі Barclays Center стадионында жеке концертін береді.


sputniknews.kz
Автор
Айбар

Журналист