Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Димаш" қазақстандықтарға 10 мың доллардан беруге уәде етті

"Димаш" қазақстандықтарға 10 мың доллардан беруге уәде етті

Белгісіз адамдар Facebook желісінде Димаш Құдайбергеннің атынан жалған парақша ашып, халықты алдап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін баршаңызға бата беремін. Осы жерде пікір жазған алғашқы 1 000 адам 10 000 доллардан алады. Сеніңіздер, бұл шындық. Бұл сыйлық бұрын-соңды сыйлық алмаған жандарға арналған», — деп жазған ұйымдастырушылар.

Сырт көзге шынайы болып көрінуі үшін алаяқтар Димаштың ескі видеосын қосып қойған.
Парақшаның эфирге екі сағат қалғанда ашылғанын айта кету керек.

Өкінішке орай, әншінің көптеген тыңдарманы алаяқтарға сеніп қалған. Бірнеше сағат ішінде 2,2 мың адам пікір қалдырып, 500 қолданушы жазбаны бөлісті, видеоны 20 мың адам көріп шықты.

Араға бірнеше сағат салып, жалған парақшаның не үшін ашылғаны белгілі болды. Пікірде ұйымдастырушылар қатысушыларды фишинг сайтқа кіруге шақырған.

«Осы жерде пікір жазып, бөліскен адамдар осы жерге есімдеріңізді жазыңыздар, кейін 30 минут күтіңіздер, біз сіздерге сыйлық жібереміз», — деп жазған алаяқтар.

Автор
Данияр