Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Лара Фабиан мен Аида Гарифуллинамен ән шырқады

Димаш Лара Фабиан мен Аида Гарифуллинамен ән шырқады

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Димаш Құдайберген ресейлік композитор Игорь Крутойдың 65 жылдығына арналған концертте бірнеше ән орындап, көрерменнің ықыласына бөленді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша — Sputnik. Танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген әлемдік театрлардың сахнасында өнер көрсетіп жүрген опера әншісі Аида Гарифуллина мен әлемдік жұлдыз Лара Фабианмен бірге ән шырқады.

Игорь Крутойдың мерейтойлық концертін Димаш Құдайберген, Аида Гарифуллина мен Лара Фабиан "Ti amo cosi" операсымен жапты.

Бұдан бөлек, кеште Димаш Аида Гарифуллинамен дуэт орындады. Ал мұз айдынында ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Бетина Попова мен Сергей Мозгов өнер көрсетті.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=Sxg5NaT9jDI[/embed]

Сондай-ақ концертте Димаш Құдайберген "Olimpico", "Знай", "Passione" шығармаларын орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=pPfr3kIVVXE[/embed]

Ал аты аңызға айналған әнші Андреа Бочеллимен бірге концертте ән айтпаса да, сахна сыртында екеуі бірге қосылып Besame Mucho туындысын орындады. Видеоны Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. 

Айта кетсек, кеше Мәскеуде ресейлік композитор Игорь Крутойдың 65 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті. Оған әлемдік сахна жұлдыздары мен мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпиондары қатысты.


sputniknews.kz
Автор
Айбар