KZNews.kz
Танымал

Депутат Абзал Құспанның қызының ұзату тойына кімдер келді?

Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Ұзату рәсіміне Мәжіліс пен Сенат депутаттары, сондай-ақ өнер мен мәдениет саласының өкілдері қатысты. Желіде тараған кадрлардан қонақтардың би билеп, көтеріңкі көңіл-күйде болған сәттерін көруге болады.

Бейнежазбалардың бірінде қалыңдықты дәстүр бойынша «Артыңа қарама» деп шығарып салған сәт бейнеленген.

Тойға Димаш Құдайбергеннің ата-анасы — Қанат және Света Айтбаевтар, «МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов және өзге де танымал тұлғалар келген. Шараның режиссурасын актер әрі режиссер Аман Ғұмаров атқарған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →