Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Депутат Абзал Құспан: "Абаевтың Қазақстан халқының 95% орысша сөйлейді" дегені ұят"

Депутат Абзал Құспан: "Абаевтың Қазақстан халқының 95% орысша сөйлейді" дегені ұят"

Депутат Абзал Құспан соңғы күндері қоғамда қызу талқыға түскен Абаевтың Қазақстандағы тіл мәселесіне қатысты мәлімдемесіне шүйлікті, деп хабарлайды Kznews.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Мен осы мәлімдемені оқыдым. 95% халық орысша сөйлейді деген сөз – өте ұят нәрсе. Тіл саясатын осылай қолжаулыққа айналдыруға болмайды, әсіресе қазақ тілін қорғамау – тілдің бетіне түкіргенмен тең. Өз қандасының аузынан шықса, ауыр. Ел атынан шыққан лауазымды тұлғаның айтуы- екі есе ауыр, – деді депутат.

Құспан сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық ұстанымға қатысты ой бөлісті. Оның айтуынша, жат жердегі елші мұндай мәлімдеме жасаса,  сол елдегі азаматтардың көңілін табу, арадағы татулықты сақтау үшін айтылған болуы мүмкін.

– Бірақ оны сәл басқаша жеткізу керек еді. Сондықтан мен бұл пікірмен толық келіспеймін. Ұят болды, – деді депутат. 

КОНТЕКСТ

Осыдан 2 күн бұрын Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ТАСС агенттігіне берген сұқбатында “қазақстандықтардың 95%-ы орыс тілінде сөйлейді. “Бұл – халықтың күші” деп мәлімдеген еді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.