KZNews.kz
Спорт

Дастан Сәтбаев ЧЛ-ның тарихында гол соққан ең жас футболшылардың үштігіне кірді

Ayzhan Sylanova

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтбаев Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылардың үздік үштігіне кірді, деп хабарлайды kznews.kz.

17 жастағы футболшы Чемпиондар лигасының сырт алаңдағы бесінші турында «Копенгагенге» қарсы кездесудің 81-минутында мергендік танытты. Гол соққан кезде Сәтбаевтың жасы 17 жас 110 күн болған.

Бұл көрсеткіш турнир тарихындағы үшінші нәтиже саналады. Рекорд әлі де испаниялық Ансу Фатиге тиесілі — ол 2019 жылы «Барселона» құрамында «Интерге» 17 жас 40 күнінде гол соққан. Екінші орында – каталондық тағы бір талант Ламин Ямаль (17 жас 68 күн, 2024 жылы «Монакомен» матч).

Бұған дейін үздік үштікті «Антверпен» шабуылшысы Джордж Иленихена қорытындылап тұрған (17 жас 119 күн, «Барселонаға» қарсы ойын). Дастан Сәтбаев осы көрсеткішті жаңартып, тізімде үшінші орынға шықты.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары