Актриса Дариға Бадықованың экс-жұбайы, актер Дархан Мұсаев жеке өміріндегі қуанышты жаңалығын жариялады. Өнер иесі қайтадан шаңырақ көтеріп, заңды некеге тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол жаңа өмір бастауға шешім қабылдағанын айтып, көпшіліктен құттықтау күтетінін жасырмады.
«Бүгін сіздермен екінші жаңалығыммен бөліссем деп отырмын. Әрине, жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Бүгін мен, бүгін біз некеге отырдық. Ал, сүйінші, құттықтап қойсаңыздар болады», – деді Дархан Мұсаев.
Актердің жазбасынан кейін желі қолданушылары оған ақ тілектерін жаудырды. Оқырмандар жаңа отбасына бақыт, береке мен баянды ғұмыр тілеп, қуанышты жаңалығына ортақтасты.
Әзірге актер жарының кім екені туралы толық ақпарат жариялаған жоқ.