"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Даккадағы өрттен кем дегенде 69 адам қаза тапты

Даккадағы өрттен кем дегенде 69 адам қаза тапты

Бангладеш астанасы Дакка қаласында өрт болып, кем дегенде 69 адам қаза тапты. Өрт бірінші қабатында химиялық заттар сақтаулы тұрған тұрғын үйден шыққан.

Алдын ала болжам бойынша, газ баллоны жарылып, от химиялық заттар тұрған қоймаға өткен. Өрт ғимаратқа жапсарлас тұрған төрт тұрғын үйге тараған.

Жергілікті билік өкілі "оттың тез тарағаны сонша – адамдар шығып үлгере алмай қалды" деп мәлімдеді.

Басылымдар құрбандар арасында мейрахана қонақтары мен тойға келген азаматтар барын жазды. Қаза тапқандардың күйген денесінен олардың кім екенін анықтау қиынға соғып жатыр. Жарақат алғандардың жағдайы ауыр.

Тарихи аудан саналатын өрт болған маңдағы көшелер тарлығы мен судың жеткілікті болмауынан өртті сөндіруге бес сағаттан көп уақыт кеткен.

Премьер-министр Шейх Хасина "трагедиядан есеңгіреп қалдым" деп, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.


Азаттық
Автор
Санжар