Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Цой: 13 мың медицина қызметкері «Спутник V» вакцинасын салдырды

Цой: 13 мың медицина қызметкері «Спутник V» вакцинасын салдырды

10 ақпандағы жағдай бойынша 13 301 медицина қызметкері екпе алды, деп хабарлайды KzNews ДСМ Алексей Цойға сілтеме жасап.

"Вакцинация барлық өңірде жүруде, 778 егу пункті ашылды, олардың 166-сы қазір іске қосылды, барлығы тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. 9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды" деді Цой.

Қазақстанда Қарағанды фармацевтикалық кешені шығаратын «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник V») вакцинасын жеткізу және пайдалану жоспарлануда.

Қазірдің өзінде 90 мың доза көлемінде бірінші партияның өндірісі басталды, ол Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына және одан әрі өңірлерге ақпан айының соңына қарай жөнелтіледі. Шілде айына дейін өндіріс көлемі 2 млн. дозаға жетеді.

Вакцинация 400 жылдан астам уақыт бойы адамзаттарды шешек, оба сияқты қауіпті, өлімге әкелетін аурулардан қорғап келгенін айтты.

Соңғы 30 жылда эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылықтың 870 еседен артық төмендегені, халық арасында «В» вирустық гепатитімен сырқаттанудың 150 есеге, көкжөтелмен сырқаттанудың 7,3 есеге төмендегені байқалды. Қазіргі уақытта полиомиелит, дифтерия, сіреспе, қызамық сияқты инфекциялар ұмытылады деп мәлімдеді Цой мырза.

Автор
Данияр