Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

CNN Джамал Хашкаджидің өлім алдындағы соңғы сөзін жариялады

CNN Джамал Хашкаджидің өлім алдындағы соңғы сөзін жариялады

Астана. 11 желтоқсан. KAZISLAM – Саудиялық журналист өлім алдындағы ақтық сөзінде демала алмай жатқанын айтқан. Бұл жайында CNN телекомпаниясы журналисті өлтіру кезінде жазылған аудиотаспаны тыңдаған дереккөзіне сілтеме жасай отырып мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

Дереккөзге сәйкес, Хашкаджидің соңғы сөзі «Мен демала алмай жатырмын» болған. Үнтаспада музыка ойнап тұр, оны журналисті азаптау кезінде әдейі қосқан.

CNN дереккөзінің мәліметінше, Хашкаджиді өлтіргендер әрдайым біреуге телефон шалып, болып жатқан істі баяндап отырған.

5 желтоқсан күні Түркия соты Хашкаджи өліміне қатысы бар деген күдікпен Сауд Арабиясының барлау қызметінің бұрынғы орынбасары генерал Ахмед Асири мен мұрагер ханзаданың экс-кеңесшісі әл-Кахтаниді тұтқындауға ордер берген.

Yeni Safak басылымының дерегінше, Стамбулдың қылмыстық соты осы іс бойынша қарашаның соңында 15 саудтықты тұтқындауға ордер берген. Анкара оларды Эр-Риядқа жеткізу бойынша сұрау салған.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Санжар