Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі жазбаларымен көпшілікті толғандырып, аналық жауапкершілік пен өмірдің мәні туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz.
Өнер иесі ана болудың салмағын қысқа да нұсқа жеткізген.
«Жан дүнием қырық бөлікке бөлініп кетсе де, ертеңіне қайта тік тұруға міндеттімін. Себебі мен – анамын», – деп жазды ол.
Тағы бір жазбасында әнші сынақ жайын сөз етіп, өмірдің өткіншілігін еске салды.
«Бұл дүние – сынақ пен сабақ, әр күн – бір мүмкіндік. Дүние өтеді, ал жүректегі із қалады», – деді әнші.
Жазба жарияланғаннан кейін оқырмандары Наркенже Серікбаеваға қолдау білдіріп, түрлі пікір қалдырған.