Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары жұма күні қай қаланың ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
7 желтоқсанда Астана, Ақтөбе, Өскемен, Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.